Тұрсынбектің ота жасағаннан кейінгі фотосы тарады

04.11.2025 10:01 Берік Арманов
Тұрсынбектің ота жасағаннан кейінгі фотосы тарады
0
366

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанның желіде тағы бір фотосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол күйеуінің бас сүйегін алып тастап, ота жасағанда жанынан табылған. Тіпті көзіне жас алып жылап қалған. Бұл туралы блогер Айсұлу ханым өзінің парақшасында жариялады.

"Мөлдірдің бұрынғы жұбайы ауырып қалғанда, ауруханада оның жанында болдым. Жүрегі жаралы болса да, ерінің ауырғанына жаны ауырды. Амандығын тіледі. Тұрсынбек ауырып жатқанада, оған екінші әйелі емес, Мөлдір барып қарады", - деп жазды ол.

Бірақ оған не себеп болғанын Мұқанова мүлдем білмейді. Сұхбат барысында: «Біреу ұрды ма?» – деп айтып қалды. Алайда, Қабатовтың өзі «құлап қалдым» деп ақталған.

"Адамның басы 100 процент домалақ болса, соның 25 процентін алған ғой. Басты ашып, ота жасаған. Оның бас сүйегін қайтадан орналастыра алмайды екен. Тек бас сүйектің орнына пластик қояды. Операциядан соң үйге келді, емделіп жүрді. Ер адам басына күн туса, өзінің әйелін іздейді ғой, сондайы бар енді. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” – деп күлем ғой. Енді, өнер адамдары ауырмайды деген заңдылық жоқ қой. Танымал адам болған соң ел-жұрт денсаулығына алаңдады. Мен де, ұл-қыздары да бәріміз өзімізді қоярға жер таппадық", - деді Мұқанова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий