Қостанай облысында жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды

13.10.2026 • 16:29 Әсел МҰРАТ
Қостанай облысында жол жиегінен әйелдің мәйіті табылды
137
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қостанай облысында жол бойынан әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оны көлік қағып кеткен. Алайда жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. Желіде тараған ақпарат бойынша, әйелдің денесін таңертең ерте жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушілері байқап қалған. Ол кезде әйел өмір белгілерін көрсетпеген.

Алдын ала дерек бойынша, әйелді көлік қағып, жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған.

Әлеуметтік желілерде марқұмның 35 жаста болғаны және Лисаковск қаласының тұрғыны екені айтылып жатыр.

Қостанай облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

«Б. Майлин ауданында болған жол-көлік оқиғасына байланысты, адам денесі табылуына орай, полиция тексеру жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, күдікті Қостанай қаласында ұсталған.

«Күдікті Қостанай қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процестік шешім қабылданады», – делінген полицияның түсініктемесінде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий