Туризм және спорт министрі қызметінен босатылды
3187
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылды.
Айта кетсек, Ермек Маржықпаев бұл қызметке 2023 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын.
Жалпы ақпарат
Ермек Боранбайұлы Маржықпаев 1969 жылы Целиноград қаласында туған. С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих пәнінің мұғалiмi), «Тұран» университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.
Мансап жолы
Еңбек жолын 1991 жылы Астана қалалық №29 ОМ дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.
- 1992-1993 жылдары – Ақмола облысы, Щучинск ауданы, Бурабай кентi, №7 ОМ тарих мұғалiмi;
- 1993-1994 жылдары – «Шонай» ШЖК директоры;
- 1994-2008 жылдары – «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры;
- 2008-2012 жылдары – Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi;
- 2012-2013 жылдары – Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi;
- 2013-2014 жылдары – Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары;
- 2014-2015 жылдары – Президент әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы;
- 2015-2019 жылдары – Көкшетау қаласының әкiмi;
- 2019-2023 жылдары – Ақмола облысының әкiмi.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...