«Тыңдаушы Үкімет қайда?»: Роза Рымбаева Жаңаөзен, Қаңтар оқиғалары туралы пікірін айтты

28.10.2025 15:06 Айсұлу Мұрат
«Тыңдаушы Үкімет қайда?»: Роза Рымбаева Жаңаөзен, Қаңтар оқиғалары туралы пікірін айтты
0
429

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Жаңаөзен, Қаңтар оқиғаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ол журналист Қанат Тілеуханға берген сұқбатында халықтың еріккеннен алаңға шықпайтынын атап өтті.

«Олар бірінші өзінің мекемесінде айтады. Ол мекеме тыңдамағаннан кейін мұнай басшылығына барады. Олар тыңдамаған соң алаңға шығады. Ол болмаған соң Астанаға келіп айтады. Сонда тыңдаушы Үкімет қайда? Бәрін естіп, біліп отыр. Менде сондай сұрақ туындайды. Еріккеннен ешкім шықпайды. Халық әділетсіздік болған соң шығады. Ол жерде қарапайым еңбек адамдары шығып жатыр. Сол жерде жұмыс істеп жатқандар, сырттан келгендер емес»,—деді ол.

Еске салайық, 2022 жылдың  қаңтарында Маңғыстау облысында сұйылтылған газдың қымбаттауына қарсы наразылық басталған болатын. Кейін ереуіл тұтас Қазақстанды жайлады. Бастапқыда бейбіт басталған наразылық шаралары артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа тонаушылыққа ұласты. 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталды. 

Елдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, 5 қаңтарда төтенше жағдай Қазақстанның барлық аумағында енгізілді. Шерушілер маңызды нысандарға шабуыл жасап, Алматы, Талдықорған қалаларындағы әкімдік ғимараттары, Алматы әуежайы наразы халықтың қолына өтті. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. 10 қаңтарда ҰҚК тәртіпсіздіктер кезінде басып алынған барлық әкімшілік нысандардың қайтарылғанын, елдегі жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді. 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 10 мыңға жуықтады. Тонаушылық пен бұзақылықтың салдарынан кәсіпкерлерге келтірілген шығынның мөлшері 100 миллиард теңгеден асты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий