"Тыржалаңаш соңымнан қуатын". Қазақстандық блогер өзін туған әкесі зорлағанын айтты
Танымал блогер әрі тиктокер Элеонора Берг басынан өткерген сұмдық оқиғаны ашық айтып, мәлімдеме жасады. Инфлюенсердің айтуынша, ол бала күнінде туған әкесі тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Блогер бұл сұмдықтың ата-анасы ажырасқаннан кейін басталғанын жеткізді. Оның сөзінше, әкесі отбасынан бөлек кеткеннен кейін қызын ара-тұра өзімен бірге алып кетіп жүрген. Сол кездесулердің бірінде кішкентай қызға қатысты әдепсіз әрекеттер жасала бастаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол Бота Әбдірамановаға берген сұқбатында айтты.
«Әкем әлі де көз алдымда. Алты жасымнан бастап әр сәт жадымда анық сақталыпты. Өйткені маған жасалған қорлық пен заңсыз әрекеттер дәл содан басталған еді. Ол маған маған қол көтерген жоқ, бірақ жыныстық зомбылық көрсетті. Бұл мен алтыда болғанда басталды. Өзгелерге қарағанда, ол кезде бұның сорақылық екенін ұғынбадым. Бұл маған түсініксіз болғанымен, қалыпты жағдай сияқты, бұлай істеу әрбір ата-ананың әдеті сияқты көрінетін. Содан болса керек, бұл туралы біреуге айта қалсам: «Бұл сенде де болған жоқ па еді, несіне таңғаласың?» дегендей ойда жүретінмін. Әкесінің өз қызымен мұндай сұмдыққа баруы қалыпты нәрседей сезілетін, кейде осы ойдан әлі күнге арыла алмаймын. Бәрі алты жасымда, түнде арғы жақтан шыққан қандай да бір шудан оянып кеткенімде басталды. Әкемнің ұйықтамай отырғанын байқадым. Ол да менің оянғанымды көріп, компьютерді өшірді де, көрпемнің астына кіріп келді. «Кел, ерлі-зайыпты болып ойнайық» деді», — деп бөлісті Элеонора Берг.
Ары қарай ол ата-анасының ажырасуы өмірін қалай өзгерткенін баяндады.
«Жасым бір жарымға толғанда ата-анам ажырасып кеткен болатын. Кейін, алты жасымнан бастап анам мені екі аптаға, демалыс күндері мен мерекелерде әкеме жіберіп тұрды. Мен оның үйінде болатынмын. Ол кезде оның екінші некеден туған қызы бар өзге әйелмен отбасы бар еді. Ал анам өз пәтерінде тұратын. Содан ол мені көрпе астында сүйісуге мәжбүрлеп, іш киіміме қол сұға бастады. Қысқасы, еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынасты жасатты. Өзінің жыныс мүшесін қалай пайдалану керектігін көрсетіп, менің де денемді ұстап-сипап жүрді. Сол түні екеуміз де жалаңаштанып, бірге жаттық. Сүйісіп, құшақтасып, ол мені өзіне, ішіне қарай үйкеуді үйретті», — деді блогер.
Арада қанша жыл өтсе де барлығын кешегідей есте сақтағанын жасырмады.
«Сол кезде балалықпен бұның сорақылық екенін түсінгенім жоқ. Есімде қалғаны — тек ұят сезімі. Жалаңаш отырғаным үшін ғана қатты ұялатын едім. Қай жылы, қай күндері және неше жасымда орын алғанын мерзім бойынша нақты баяндай алмаймын, бірақ сол сәттердің бәрі жадымда сақтаулы. Оның мені не істеуге мәжбүрлегені, шектен шыққан талаптары, сол кезде айтылған сөздердің бәрі санама мәңгіге сіңіп қалды. Әкеммен бірге интимдік сипаттағы ойындар ойнап, оның пәтерінде бір-бірімізді жалаңаш қуалай жүгіргеніміз де есімде. Қазір көзімді байлап, оның пәтеріне кіргізіп жіберсе де, қай бөлмеде қандай сұмдықты бастан өткергенімізді мүлтіксіз айтып бере аламын», — деді тиктокер.
Соңғы жаңалықтар