UFC чемпионы Шавкат Рахмоновтың ағылшынша білмейтінін кекетті
899
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) ағылшын тілін білмеуі туралы тосын пікір білдірді.
Шавкат Рахмонов бірнеше рет әлеуметтік желі арқылы Белал Мухаммадты жекпе-жекке шақырып, чемпиондық атақ үшін кездесу өткізуге ынталы екенін білдірген еді.
Шавкатпен кездесудің мәні зор, өйткені ол әлі жеңіліп көрмеген. Бірақ Иан Гарри де әлі жеңіліс таппаған. Барлығы Шавкат туралы айтады, ол біздің дивизиондағы барлық жауынгердің үрейін тудырып жүр. Менің жағдайым мүлде басқаша болды. Мен Гилберт Бернспен қысқа мерзімде жекпе-жек өткізуге мәжбүр болдым, тек сол арқылы ғана үміткерлер қатарына қосыла алдым. Ал Шавкат Рахмоновтың соңғы қарсыласы Стивен Томпсон болатын. Стивен Томпсон сол кезде жеңілістер сериясында жүрген еді. Шавкат мені арандатуға тырысып жүр, бірақ ол тіпті ағылшынша сөйлемейді! Алдымен ағылшынша бірдеңе айтып алсын, сосын барып менімен трэш-токқа кіріссін, - деді Белал Мухаммад YouTube желісіндегі Mighty арнасына берген сұхбатында.Сондай-ақ Белал Мухаммад чемпиондық атағын қорғау үшін отандасы Камару Усманнан гөрі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығуды жөн көретінін айтқан еді. Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізген болатын. Сол сәтте ол америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Фото : UFC Russia
Соңғы жаңалықтар
14.08.2026
15:52
Ұлдананың өлімі бойынша іс сотқа берілді: іс қа...
14.08.2026
15:39
Алматыда жарық өшіп қалды
14.08.2026
15:07
"Күдіктілерді қорғамақ болған": Петропавлда зор...
14.08.2026
15:03
Сербияда көз жұмған 19 жастағы қазақстандықтың ...
14.08.2026
14:56
Қазақмыс алтын қорын көбейту үшін «Абыз» кеніші...
14.08.2026
14:08
Денсаулық сақтау министрлігі жарты жылды қорыты...