"Үйге қайтқаныңыз дұрыс": Бетін күйік шалған бойжеткен жұмысқа тұра алмай жүргенін айтты
937
Әлеуметтік желіде қыз оны жұмыс берушілер сыртқы келбетіне байланысты жұмысқа алмайтынын айтып, шағымын жеткізді. Ол басқалардың өзіне түсіністікпен қарап, шеттетпеуін сұрайды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Stan.kz жазды.
Мені ешкім жұмысқа алмайды. Не себепті екені түсінікті шығар. Бірде мен жұмысқа тұру үшін хабарласқанда оларға бетімді күйік шалғанын, тыртық іздері барын ескерттім. Олар не болса да келуімді айтты. Таңертең барғанымда “Бара беріңіз, үйге қайтқаныңыз дұрыс” деп шығарып салды. Әрине, қызметкердің сымбатты болуы керек екенін білемін және түсінемін. Бірақ адамдарды бұлай шеттету дұрыс емес деп ойлаймын, – дейді желі қолданушысы.Ару еріксіз “Сонда мен не істеуім керек?” деген сауал қойды. Айтуынша, ол мұндай жағдайды бірнеше рет басынан өткерген.
Жұмыс іздеп сөйлесіп, хабарласқанда жүзімде күйік іздері барын айтамын. Олар бірден қабылдай алмайтынын айтады немесе мүлдем жауап бермейді. Қазіргі заманда күйік іздері, тыртығы бар адамдарға жұмыс табу қиын. Қоғамдық тамақтанатын орындарда адам көп болатынын және онда түрлі адам жүретінін түсінемін. Бірақ адамдар адамгершілікке салып, бір-бірінің жағдайын түсіну керек деп ойлаймын. Бетімдегі тыртықтарда тұрған ештеңе жоқ деп санаймын. Менің қол-аяғым сау, жұмыс істей аламын, сөйлеймін, естимін, – дейді ашынған желі қолданушысы.Фото: видеодан скрин
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...