«Үйімде бөлмесі бар»: Жеңіс Ысқақованы актер Ғани Құлжановпен не байланыстырады?
1723
Әнші Жеңіс Ысқақова қыз бен жігіттің арасындағы достықтың болатынын, оған өзінің актер Ғани Құлжановпен 40 жылдан бері дос болып жүргені дәлел екенін айтты.
Ғани Құлжанов деген досымның үйіндемін. Менің 20 жыл бұрынғы концертіме шақыру билетімді сақтапты. «Әнім сен едің» деген шығармашылық кешімде шақырту жіберген болатынмын. Міне, нағыз достық! Қаншама үй алмастырып, пәтер жалдап жүрсе де қоқыс болып бір бұрышта қалмапты. Қыз бен жігіттің достығы деген осы емес пе? – деді әнші Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ ол досына қатысты түрлі өсек естігенін де жасырмады.
Менің үйімде Ғанидың бөлмесі бар. Астанада тұрғанымен, Алматыға жиі келеді. Сол кезде біздің үйге келіп, бөлмесінде демалады. Екеуміз туралы халық нешетүрлі әңгіме айтқан. Мені Ғаниды отбасынан ажыратып, қолына кіргізіп алды деп өсек таратқан. Ондай жағдайлар болған емес. Біздің достығымыз 40 жылға таяды, – деді өнер иесі.Фото:
Соңғы жаңалықтар
14.06.2026
18:09
Нұрай Серікбай ісі бойынша тергеу аяқталды
14.06.2026
15:49
Қытайда қайыршы роботтар пайда болды
14.06.2026
14:25
Қазақстанда ым тілі ресми мәртебеге ие бола ма?...
14.06.2026
13:33
AMANAT пен Әділет бірікті
14.06.2026
13:21
Елордада Әділет партиясы бас қосты
14.06.2026
12:28
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліс неде...