Үкіметтегілер жаңажылдық дастарханған қанша ақша кететінін есептеп көрді
Үкіметте Жаңа жыл дастарханына алынатын негізгі өнімдердің бағасына есептеу жүргізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Азық-түлік бағасы айтарлықтай өскен. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте сауда және интеграция министрлігінің сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді.
Оған жаңажылдық дастарханға қойылатын тағамдар қымбаттауы мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Ол талдау сұранысқа ие өнімдер бойынша жүргізілгенін айтты.
«Азық-түлік себетіне қатысты – мұндай талдау жүргіздік. Егер жаңа жылдық себетке алынатын 37 атаулы өнімді алсақ, оның ішінде екі ыстық тағам - тауық еті мен ет бар. Былтыр бұл шамамен 68 мың теңге болды. Қазір - 70 мың теңге шамасында», - деді Жәутікбаев.
Оның айтуынша, баға өсімі қалыпты сипатта және жаппай баға өсіп жатқан жоқ.
«Кейбір тауарлар арзандады, кейбірі керісінше сәл қымбаттады, динамика осындай», - деді сауда комитетінің басшысы.
Ведомство жалпы алғанда азық-түлік нарығындағы жағдай «тұрақты екенін», ал Жаңа жыл дастарханына арналған тауарлар бойынша бағаның күрт өспегенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар