Украина дрондары Қазақстанмен шекаралас аймақтарға шабуыл жасады
Қазақстанмен шекаралас аймақтарда мұнай-газ нысандарына дрон шабуылдары тіркелді
3 ақпан күні таңертең Украина Қарулы күштері Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Волгоград және Астрахань облыстарындағы мұнай-газ нысандарына дронмен шабуыл жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Astra басылымының мәліметінше, Волгоградта «Лукойл» компаниясына тиесілі мұнай өңдеу зауытына, ал Астрахань облысында «Газпромның» газ өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасаған. Бұл екі аймақ Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысымен шектеседі.
«Екі жағдайда да шабуыл нысандары мұнай-газ өнеркәсібінің объектілері болды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей Украинаға жаппай зымыран соққысын жасап, соның салдарынан 14 адам қаза тапқан болатын.
Сондай-ақ, өткен жылдың соңында украин дрондары Қазақстан мұнайын Ресей арқылы тасымалдайтын құбырға шабуыл жасаған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...