Украина газ транзитін жандандырмаса, Словакия қолдауды тоқтатпақ
Словакия премьері Фицо Украинаға көмекті тоқтататынын ескертті
Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Украинаға көмек көрсету мәселесінде қатаң шарт қойды. Ол Киев газ транзитін қалпына келтірмесе, Украинаға бағытталған барлық көмекті тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Фицоның пікірінше, Киевке қысым жасау – Украина билігі түсінетін жалғыз әдіс.
"Зеленский тек қатаң талаптар арқылы ғана келіссөз жүргізуге дайын. Егер Украина газ тасымалын қайта бастамаса, біз жауап ретінде көмекті толықтай тоқтатамыз", – деді Словакия премьері.
Қазіргі уақытта Украина арқылы Еуропаға тасымалданатын ресейлік газ көлемі азайған. Бұл жағдай Словакияның энергетикалық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Фицо Украина билігін келіссөздер жүргізуге шақырды.
Фицо бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтататынын мәлімдеген болатын. Оның үкіметі Киевке қаржылай және әскери көмек көрсетуді қайта қарастыруға ниетті.
Киев әзірге бұл мәлімдемеге ресми жауап берген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...