Украина Қазақстанға жаңа елшісін тағайындады
Виктор Майко Украинаның Қазақстандағы елшісі болды
Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан Республикасындағы жаңа Төтенше және Өкілетті елші лауазымына Виктор Майконы тағайындады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тиісті жарлыққа Зеленский 7 сәуірде қол қойған. Бұл туралы ақпарат Украинаның президенттік сайтына жарияланды.
Виктор Майко бұған дейін Украинаның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар, Украина сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымында болған тәжірибелі дипломат.
Еске салсақ, Украинаның Қазақстандағы елшілігі шамамен екі жыл бойы тұрақты басшысыз жұмыс істеді. Бұрынғы елші Петр Врублевский Қазақстан блогеріне берген сұхбатынан кейін дипломатиялық дау туындап, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің наразылығынан соң қызметінен кері шақырылған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...