Украинадан эвакуацияланған отандастарымыздың жартысына жуығы қайтадан сол елге оралған
Украинадан эвакуацияланған отандастарымыздың жартысына жуығы қайтадан сол елге оралған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«Украинада соғыс басталған кезде Қазақстан азаматтарын эвакуацияладық. Оның жартысына жуығы қайтадан Украинаға қайтып кетті. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұр ма, жоқ па білмейміз. Өйткені, соғыс болып жатқанын бізден жақсы біледі. Оны қайта-қайта айта берудің қажеті жоқ. Әр адам қауіпсіздігіне өзі жауап береді. Бірақ Елшіліктің міндеті – азаматтар хабарласса, оларға көмектесу», - деді Айбек Смадияров бүгін ведомствода өткен апталық брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай
28 наурыз күні еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украинаның Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың шиеленісуіне және қауіптің артуына байланысты Қазақстан азаматтарына осы аймақтардан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...