Ұлдананың бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын айтты (ВИДЕО)

07.08.2026 12:32 Әсел МҰРАТ
Ұлдананың бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын айтты (ВИДЕО)
249
Фото: видеодан скрин

Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап қаза тапқан 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдананың бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел қайғылы оқиғадан сегіз ай өткен соң қайта үйленгеніне қарамастан, қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесін сақтап қалатынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиғадан кейін қоғамда Ұлдананың өлімімен қатар, оның бұрынғы жұбайының жеке өмірі де қызу талқыланып келеді. Осыған байланысты Әділет Зейнел көпшіліктің сауалына жауап беріп, тергеу аяқталғанша және әділ шешім шыққанша істен шет қалмайтынын жеткізді.

«Жәбірленуші мәртебесінде қала бересіз бе?» деген сұраққа ол еш ойланбастан:

«Иә, жәбірленуші ретінде қаламын», – деп жауап берді.

Оның сөзінше, бұл істің әділ аяқталуы – өзінің азаматтық ұстанымы.

  «Осы істі бастағаннан кейін соңына дейін жеткізгім келеді. Бүкіл жерге мен бардым ғой. «Бастадың ба, еркек болсаң соңына дейін жеткіз» дейді. Мен бас тартсам ертең «Екінші отбасын құрып, бәрінен бас тартты» деп айтады. Ол – менің Ұлдананың алдындағы борышым. Сондықтан соңына дейін жеткізгім келеді. Мен үшін ең бастысы – әділдіктің салтанат құруы.Ұлдананың жақындарымен ақпан айынан бері араласпаймыз. Анасы жазады, бірақ мен ол кісімен ұрысқым келмейді», – деді Әділет Зейнел.

Войдите, чтобы оставить комментарий