Ұлдананың соты тікелей эфирде жалғасып жатыр
Бүгін, 20 тамыз күні Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Трансляцияны Жоғарғы соттың YouTube арнасында көрсетілуде.
Бұл іс бойынша қайғылы оқиға болған үйдің мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Сәуле Жұбаниязова айыпталушы ретінде жауап беріп жатыр. Өткен отырыста ол өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеген. Марқұмның анасының қорғаушысы Нұрсұлтан Орынбековтің сөзіне қарағанда іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша қаралуда. Бұл бап міндеттерге ұқыпсыз қарау әрекеттерін қамтиды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында алдын ала тыңдау 18 тамызда басталған болатын. Процесті судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр. Сот отырысына Нұрдәулет Абуов пен Саяжан Серікова есімді екі мемлекеттік айыптаушы қатысуда. Сондай-ақ залда фельдшердің анасы Сәлима Омарова мен марқұмның жесірі Әділет Зейнел бар.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 8 қарашасында болған еді. Ұлдана Мырзуан жұмыс істеп жүргенде ғимараттың қасбетінен кірпіштер мен кондиционер бекіткіші құлаған. Ауыр жарақат алған фельдшер 18 қарашада көз жұмды.
Соңғы жаңалықтар