Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

23.01.2026 12:05 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды
247
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк бұл жолы да базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Бұған дейін базалық ставка 2025 жылдың қараша айында 16,5%-тен 18 %-ға өскен еді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.  Бұл шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделді. Оның аясында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы жаңартылып, инфляция тәуекелдерінің балансы қайта бағаланды», - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, инфляция бұрынғыша ұсыныс мүмкіндігінен асып түсетін орнықты ішкі сұраныс жағдайында қалыптасып отыр.

«Базалық инфляция 0,8% деңгейінде – жоғары қалпында қалды. Инфляция бұрынғыша ұсыныс мүмкіндігінен асып түсетін орнықты ішкі сұраныс жағдайында қалыптасып отыр. Тарифтік реформаның және ЖЖМ нарығын ырықтандырудың қайталама әсері күтулер мен бағаларға әсер етті. Халықтың алдағы бір жылға инфляциялық күтулері өсіп (14,7%), құбылмалы күйінде қалды. Инфляция бойынша нарықтағы кәсіби қатысушылардың 2026 жылға жасаған күтулері де 10,8%-ға дейін біршама өсті», - делінген хабарламада.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий