Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті

24.07.2026 12:01 Әсел МҰРАТ
Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті
130
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды. Ол 16,75%-ға төмендеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін базалық ставка 2026 жылдың маусым айында 17% болған еді.

«Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция тоғыз ай бойы төмендеп, мамырдағы 10,4%-дан маусым айында 10,3% болды. 

«Азық-түлік инфляциясы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 11,7% деңгейінде сақталды. Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының жылдық төмендеуі кезінде реттелмейтін қызметтердің қымбаттауы аясында қызметтер инфляциясы 9,0% (мамырда — 8,7%) көрсетті. Айлық инфляция маусым айында 0,8%, ал базалық инфляцияның маусымдық факторлар ескерілмеген бағалау медианасы 0,9% болды. Қазіргі динамика дезинфляциялық импульстің әлсірегенін көрсетуі мүмкін, алайда инфляцияның динамикасында байқалатын үрдістер кейінгі деректермен расталуды қажет етеді, — делінген банк хабарламасында.

Халықтың алдағы бір жылға инфляцияны күтуі маусым айында 13,4% (12,7%) болды. Бұл ретте нарықтың кәсіби қатысушыларының 2026 жылға болжамы 10,0% деңгейінде тұрақты түрде сақталды. Ал 2027 жылға күтулер төмендеу бағытында қайта қаралып, 7,8% болды.
 

 

Войдите, чтобы оставить комментарий