Ұлттық банк шешім қабылдады: көшедегі валюта таблоларына тыйым салынды
888
Қазақстанда көшелерге валюта бағамдарын көрсететін табло орнатуға тыйым салынды
Ұлттық банктің жаңа қаулысына сәйкес, енді айырбастау пункттері шетелдік валюталардың бағамдарын сыртта емес, тек ішкі кеңістіктерде немесе кассалардың жанында көрсетуі тиіс.
Бұл өзгеріс "Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларына" енгізілген.
Алайда кейбір нысандарға бұл шектеу жүрмейді. Мысалы, бизнес-орталықтар, әуежайлар, теміржол және теңіз вокзалдары мен мемлекеттік мекемелерде валюта бағамдарын сыртқы таблода көрсетуге рұқсат етіледі.
Ақпараттық таблоларда көрсетілетін деректер толық әрі нақты болуы шарт: барлық қызмет түрлері, шетел валютасын қабылдау шарттары мен айырбастау ұйымының байланыс деректері жазылуы қажет.
Жаңа қаулы 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды