Ұлттық банк төрағасы 1,7 млрд теңге сыйақы алғаны рас па: Сүлейменов өз шындығын айтты (ВИДЕО)
837
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов былтыр Ұлттық банк топ-менеджерлері 1,7 млрд теңге көлемінде «сыйақы» алғаны туралы мәліметке түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
2024 жылы Тимур Сүлейменов басқаратын Ұлттық банктің топ-менеджменті мен директорлар кеңесі шамамен 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы алған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 22,8% көп. Сыйақылардың өсуі Ұлттық банк қатарынан оныншы жыл шығынға ұшырап отырғанына қарамастан өскен. Журналист неге шығынға қарамастан олардың сыйақылары өсіп жатыр деп сұрады.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 1,7 млрд теңге сыйақы емес. Оның ішіне жалақы, емделу, демалыс ақысы, оқу және басқа да төлемдер кіреді. 2023 жылы Ұлттық банк ескі жалақымен өмір сүрді. Бұл жылы мен мұнда жұмыс істемедім. 2024 жылы ғана жалақы көтерілді. Сондықтан, бұл ақпарат дұрыс емес», – деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...