Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
Астанадағы алты ардагерге 5 миллион теңгеден беріледі
Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл төлемдер 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерді қолдау мақсатында жүзеге асырылуда. Астана әкімдігінің бастамасымен төлем сомасы екі жарым есеге артты. Қазіргі уақытта елордада алты ардагер тұрады.
Сонымен қатар, 9 мамырға орай төлемдер келесі санаттар бойынша тағайындалды:
- ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға – 45 АЕК (176 940 теңге);
- Басқа елдер аумағындағы жауынгерлік қимылдарға қатысқан ардагерлерге – 45 АЕК (176 940 теңге);
- Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының әрекеті тарайтын басқа тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, ҰОС мүгедектерінің жұбайларына) – 15 АЕК (58 980 теңге).
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай әскери парад өткізілетінін жариялаған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...