Ұлыбритания Украинаға құрлықтағы әскер орнына әуеден қолдау көрсетпек

Ұлыбритания Украинаға құрлықтағы әскер орнына әуеден қолдау көрсетпек
21.03.2025 13:45
0
534
Alastair Grant/Getty Images
Кир Стармер Украинаға қатысты стратегиясын өзгертті

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Украинаға қатысты жаңа стратегия ұсынды. Ол бұрын жоспарланған құрлықтағы әскердің орнына әуе және теңіз арқылы қолдау көрсетуге назар аудармақ, деп хабарлайды POLITICO.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Ұлыбритания соғыстан кейінгі кезеңде Украинада шамамен 30 мың еуропалық әскерден тұратын «қауіпсіздік күштерін» орналастыру жоспарын ұсынған. Алайда қазіргі таңда бұл сан әлдеқайда азаюы мүмкін екені айтылуда.

Қазіргі уақытта тек Ұлыбритания мен Франция ғана Украинаға әскер жіберуге дайын екендерін ашық білдірді. Ал Италия премьер-министрі Джорджа Мелони сияқты кейбір еуропалық көшбасшылар бұл идеяға қарсы. Көптеген елдер Украинаға тікелей әскери араласудан гөрі, НАТО аясындағы қолдауды күшейтуге дайын екендерін білдіруде.

Кир Стармердің айтуынша, басты мақсат — Украина әскері мен оның қорғаныс әлеуетін нығайту. Еуропалық қолдау осы бағытта шоғырлануы тиіс.

– Олардың (украин әскері) мүмкіндігі, саны және соғыс тәжірибесі бар. Біз оларды ауыстыратын күш емес, толықтыратын қолдау ұсынамыз. Әсіресе әуе, теңіз және құрлықтағы мүмкіндіктеріміз арқылы, – деді Ұлыбритания премьері.

Әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Украинаға көмектесудің негізгі тәсілдерінің бірі болмақ. Ұлыбритания шекараларды бақылауға қабілетті ұшақтар мен әуе шабуылына қарсы жойғыштар ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, әскери жоспарлаушылар ұшақтардың жанармай құю базалары, орналасу аймақтары, сондай-ақ инженерлік қолдау мүмкіндіктерін талқылап жатыр.

Алайда бұл жоспар АҚШ-тың, яғни Трамп әкімшілігінің тікелей қолдауынсыз іске аспауы мүмкін. Стармер бұл жоспардың жүзеге асуы үшін АҚШ-тың барлау мен әуе қорғанысы түрінде «қолдау көрсетуі» қажет екенін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий