Ұлытау облысында қызды зорламақшы болған ер адам ұсталды
Ұлытау облысында қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға Сәтбаев қаласында болған. Бұл жағдай кеше, 22 мамыр күні түнгі сағат 1:55-те болды. Көпқабатты тұрғын үйге кірген қыздың артынан егде жастағы ер адам жүгіріп кіреді. Қызды тұншықтырып, сыртқы есікке қарай сүйрей жөнеледі. Қыз қатты айқайлап, құтылуға тырысады. Ер адам қыздың дауысы шыққаннан кейін қашып кетеді. Сол кезде бірінші қабаттағы көрші де шығып қалады. Ол қашып кеткен күдіктіні іздей бастайды
Күдікті ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйел адамға шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
08:31
«Атыраулық хакер» Дубайға неге тайып тұрды: ол ...
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...