ҰҚК әкімнің бірінші орынбасары тергеліп жатқанын растады
1042
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл ақпаратты редакциямызға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.
Алайда айыптаудың мән-жайы жарияланған жоқ.
«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат жарияланбайды», – делінген ҰҚК-ның редакция сауалына берген жауабында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Облыс әкімдігі оның еңбек демалысында екенін мәлімдеді.
«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде аталған лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ. Қолда бар мәліметке сәйкес, лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алған», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар
31.08.2026
22:32
Тоқаев пен Путин Бішкектегі ШҰҰ саммиті аясында...
31.08.2026
21:39
Димаш Құдайберген Қарағандыдағы концерттен кейі...
31.08.2026
20:17
Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көш...
31.08.2026
19:17
Тоқаев Малайзия Премьер-министрін Тәуелсіздік к...
31.08.2026
18:48
Алматыда түнде бомбадан тасалану орнын бұзбақ б...
31.08.2026
17:13
"Екінші әйелі қайда?": Тұрсынбек Қабатов анасын...