Әкімнің бірінші орынбасары ұсталды деген сыбысқа әкімдік жауап берді

13.02.2026 18:21 Арман Ермеков
Әкімнің бірінші орынбасары ұсталды деген сыбысқа әкімдік жауап берді
66
Фото: әлеуметтік желі

Желіде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың қамауға алынғаны туралы таралған ақпаратқа қатысты әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бүгін 13 ақпанда әлеуметтік желілерде шенеуніктің және тағы басқа тұлғалардың ұсталғаны туралы қауесет тараған еді. Алайда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады.

«Әкімдікте лауазымды тұлғаға қатысты ешқандай мәлімет жоқ. Желіде таралған ақпарат ресми дереккөзбен расталмаған. Қолда бар мәліметтер бойынша ол денсаулығына байланысты уақытша демалыс алған», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Редакциямыз ақпараттың анық-қанығын білу үшін құзырлы органдарға ресми сауал жолдады.

Еске салайық, Жақсылық Омар саяси қайраткер Бекболат Тілеуханның жиен күйеу баласы болып табылады.

Омар Жақсылық Мұқашұлы – 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

  • 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін;
  • 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін;
  • 2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Мансап

  • 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші, бас маманы;
  • 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы;
  • 2007-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ақпараттық және аналитикалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары және «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» бас менджері;
  • 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;
  • 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;
  • 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы;
  • 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;
  • 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі;
  • 2024-04.04.2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңісшісі;
  • 07.04.2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий