Шығыста жол басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

30.01.2026 10:23 Арман Ермеков Арман Ермеков
Шығыста жол басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
264
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды және пара алды деген күдікпен құрықталды, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Данияр Уахитов жол құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен 134 миллион теңге көлемінде заңсыз ақшалай сыйақы алған. Уахитовтың үйін тінту барысында 121,9 миллион теңге және 97,7 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар осы аймақтың Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Бұл тұлға педагогтердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне қолдау көрсеткені үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Қазіргі уақытта сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Айта кетейік, Данияр Уахитов бұған дейін атқарып келген қызметінен босатылған еді. Әкімдік сол уақытта бұл кадрлық шешімді мемлекеттік аппараттағы жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қабылданған шара ретінде түсіндірген болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий