ҰҚК Оралда түрме бастығының орынбасары тергеліп жатқанын растады
БАҚ-та Батыс Қазақстан облысындағы №170/2 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Қайсар Құрмановтың 100 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Politico.kz.
Редакция осы мәселенің анық-қанығын білу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген редакциямыздың ресми сауалына берген ҰҚК жауабында.
Бұған дейін «Уральская неделя» басылымы Құрмановтың 100 мың теңге пара алды деген күдікке ілінгенін жазған еді.
Құрманов орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде сотталғандармен жүргізілетін жедел жұмысты үйлестірген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол сотталғандардың біріне заңсыз қызмет көрсеткені үшін ақша алған болуы мүмкін.
Тергеу аяқталғанға дейін ол атқарып отырған қызметінен шеттетілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
23:02
Алматыда ақылы автотұрақтарға жеңілдіктерді рәс...
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...
03.11.2026
20:49
Сауранбаев өзі кетті ме, әлде отставкаға жібері...
03.11.2026
20:35
Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген ...
03.11.2026
19:13
Қазақстанда жүргізушілер үшін 0,3 промилле шект...
03.11.2026
18:20
Тоқаев көлік министрін ауыстырды