Атырауда әлеуметтік желіде тура эфир жүргізген екі әйелге қатысты үш әкімшілік іс қозғалды
Атырау қаласында әлеуметтік желідегі тікелей эфирден кейін екі тұрғынға қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тікелей трансляция барысында әйелдер алдымен парфюмерия өнімдерін жарнамалаған, кейіннен өздерін «террористпіз» деп жариялап, өздері туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабардар екенін айтып мәлімдеме жасаған.
Полиция қызметкерлері желіде тараған видео арқылы эфирге қатысушылардың жеке басын жедел анықтады. Олар 38 және 39 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Екеуі де полиция басқармасына жеткізілді.
Құқық бұзушылық фактілері бойынша полиция өкілдері төмендегідей әкімшілік хаттамалар толтырды:
- Ұсақ бұзақылық;
- Заңсыз (құқыққа қайшы) контент тарату;
- Бет-әлпетті танып-білуге кедергі келтіретін киім элементтерін киіп жүру.
Барлық жинақталған материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Сонымен қатар, полиция бөлімшесінде теолог маманның қатысуымен әйелдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оларға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелері түсіндірілді.
Соңғы жаңалықтар