ҰҚК полиция мен ХҚКО қызметкерлері ұсталғанын растады
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында полиция мен Халыққа қызмет көрсету орталығының бірнеше қызметкерлерінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Politico.kz
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті редакциямыз жолдаған ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаменті арнайы операция өткізіп, бір топ қызметкерді қолға түсіргені жайлы ақпарат тараған еді. Сол мәліметтерге сүйенсек, ұсталған тұлғаларға заңсыз миграцияны ұйымдастыру бабы бойынша айып тағылып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...