ҰҚК «Қазтеміртранс» компаниясының Алматыдағы филиал басшысы ұсталғанын растады

12.03.2026 19:20 Арман Ермеков
ҰҚК «Қазтеміртранс» компаниясының Алматыдағы филиал басшысы ұсталғанын растады
318
Фото: depositphotos.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Алматы қалалық филиалының директоры Ақылбек Базеновтің ұсталғанына қатысты ақпаратты растады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ҚТЖ-ға еншілес компанияның Алматыдағы басшысы мемлекеттік сатып алу кезінде ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген комитеттің осы ақпаратқа қатысты Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында.

«Қазтеміртранс» баспасөз қызметі құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетіп, тергеу аясында қажетті құжаттардың бәрін беріп жатқанын хабарлады. Дегенмен компания өкілдері күзет қызметіне қатысты келісімшарттар бұған дейін бекітіліп қойғандықтан, тендерде жеңіске жетуге көмектескені үшін ірі көлемде пара алды деген ақпаратқа күмәнмен қарайды.

Олардың мәліметінше мекеменің күзетке бөлетін жалпы бюджеті 200 миллион теңге шамасында болса, биыл Алматы филиалының өндірістік базаларын күзетуге небәрі 9 миллион теңгеден астам қаражат қаралған. Бұл сома желіде тараған пара көлемінен әлдеқайда аз екені айтылды.

Акционерлік қоғам жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын және заң бұзушылық расталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатынын ескертті. Қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр, ал істің нақты мән-жайы мен қорытындысы тергеу барысында анықталады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий