Ұрысқандарын көрмедім – Айзат Жұманованың енесі
Бүгінгі отырыста күдіктінің анасы Алма Бекшайымова келіні мен ұлының қарым-қатынасы жайлы бұрын-соңды ешқандай кикілжің естімегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтуынша, үш жылдық отбасылық өмірде Айзат ешқашан шағымданбаған, ал келін мен ене арасындағы қатынас әрдайым жақсы болған.
Бекшайымованың сөзінше, Айзат үйдің жалғыз келіні болғандықтан, оны барынша қолдап, үй шаруасына мүмкіндігінше жүктемеуге тырысқан.
“Айзатпен ұлымның ұрысып жатқанын көрмедім. Ол өте жақсы келін болды. Кешкі астан кейін оған: ‘Ыдысты өзім жуамын, сен демал’ деп жиі айтатынмын. Ешқашан сиыр сауғызған емеспін. Таңертең де ерте тұрғызбайтынмын. Кіші қызымызға операция жасалғандықтан, Айзатқа тек оны бақылап отыруды өтінетінмін. Ол ешқашан күйеуіне қатысты жаман сөз айтқан жоқ”, – деді ол.
Алма Бекшайымова оқиға болған түнді де еске алды.
“Айбар қатты жылады. Не болғанын сұрағанда, ‘ұшып кетті… құлап кетті’ деді. Түсінбей қалдым. Балалар жылап, бәріміз абдырап қалдық. Жедел жәрдем шақыру ойға келмеді. Аурухана жақын болғандықтан, өзіміз алып бармақ болдық. Бірақ барған жерде жөндеу жүріп жатыр деді. Сосын қалаға бардық. Сол жерде ғана жарықта келінімнің бет-жүзін көрдім. Сол сәтте денем мұздап, қан қысымым көтеріліп кетті”, – деді ол.
Соңғы жаңалықтар