«Үш күнде 40 мың адам»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат үшін қатты уайымдағанын жасырмады

10.12.2025 14:52 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Үш күнде 40 мың адам»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат үшін қатты уайымдағанын жасырмады
453
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Гүлзира Айдарбекова, Қайрат Нұртас

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың Алматыда өткен концерті оңайлықпен өтпегенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Айтуынша, «Алматы Аренадағы» ауқымды концертке рұқсат соңғы сәтте ғана беріліп, дайындыққа небәрі үш-төрт күн қалған.

«Стадионға концерт қоюға бір емес, бірнеше себеппен рұқсат бермей қойды. Ал келесі ай түгелімен заказға толы. Той иелеріне “отмена” жасай алмайсың, заказчиктердің айқайы, өкпесі басталады. Сол күйде жүріп, аяқасты рұқсат алдық», – дейді продюсер.

Ол 40 мың көрерменнің алдына үш күндік дайындықпен шығу оңай болмағанын жасырмады.

«Қалай болады екен деп қатты уайымға салындым. Ұлым 20 жыл сахнада жүрсе де, бұл жолы жауапкершілік ауыр болды. Бірақ Қайратқа бұл тосқауыл болмады. Халық басынан аяғына дейін орындарынан тұрмай, қосылып ән айтты, биледі», – деп жазды Айдарбекова.

Продюсер концерт кезінде ауа райына да алаңдағанын атап өтті.

«Күн суып кетеді, халық жаурап қалады деп қорықтық. Алла қолдады ма, концерт біткенше ауа райы жып-жылы болды. Дұғамыз қабыл болды», – деді ол.

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова ұлының жанды дауыста ән салудан еш қиналмайтынын айтып, фонограммаға қатысты заң олардың жоспарын бұза алмайтынын да тұспалдап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий