Үш минутқа жүрегі тоқтаған әйел о дүниені көріп келген
Канаданың Альберта провинциясында тұратын әйел клиникалық өлімді бастан өткергеннен кейін о дүниенің бар екеніне сенген, деп хабарлайды Politico.kz. Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Daily Mirror басылымының жазуынша, Кэлли Элуэйнс өкпесінің қызметі нашарлаған. Себебі ауа өкпе мен кеуде қабырғасының арасына жиналып, жүрек пен қан тамырларын қысқан. Соның салдарынан оның жүрегі тоқтап қалған. Шұғыл медициналық көмек беретін мамандарға Кэллиді қайта тірілту үшін үш минут қажет болған.
«Мен өзімді толықтай физикалық дүниеден, тіпті өзімнің жеке "менімнен" ажырап, барлығының бір бөлігіне айналғандай сезіндім», – дейді канадалық әйел.
Мұндай ерекше тәжірибе оған өлімнен кейін өмірдің бар екенін сезінуге және өзін жақсы түсінуге көмектескен. Өмірге оралған соң ол клиникалық өлім кезінде "менін" жоғалтуының, қиын балалық шағының салдарынан жазылуы үшін керек екенін түсінген.
Элуэйнс бұл тәжірибе оған ішкі үйлесім табуға көмектескенін айтады.
«Мен бұл махаббаттың үнемі менің ішімде болғанын ұқтым», – дейді ол.
Соңғы жаңалықтар