"Ұсталған болар": Журналист Атыраудағы іске басты күдікті туралы болжамын айтты
3593
Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты ақпарат таратқан журналист Жанат Молдашова бұл іске байланысты сұхбат берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол YouTube желісіндегі «Алаш Орда» арнасының тілшісі Серік Жолдасбайға берген сұхбатында басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиевтің тағдырына қатысты өз болжамын айтты.
Журналист құқық қорғау органдарының күдіктіні елге қайтару мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, оның ұсталып, экстрадициялау үдерісі басталып кетуі ықтимал екенін жоққа шығармады.
«Құзырлы органдар күдіктінің шетелде екенін бейресми түрде айтты, алайда ресми ақпарат таратқан жоқ. Менің болжамым бойынша, ол қазірдің өзінде ұсталған да болуы мүмкін. Елге қайтару процестері жүріп жатқандай әсер қалдырады. Бұл – тек менің жеке ойым, нақты ақпарат жоқ», – деді Жанат Молдашова.
Тілші қазіргі уақытта құзырлы органдардың ресми жауабын күту керектігін айтты.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
19:34
Семейде тіркемеге мінген «Өрмекші адам»: полици...
28.09.2026
17:52
«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Жаң...
28.09.2026
17:30
Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция бастығының экс...
28.09.2026
17:20
«Екі ұлымыздан айырылдық»: Каспийдегі сұмдықтан...
28.09.2026
17:06
«Қара бүркіт» емес: Атырауда 4 адамды өлтірген ...
28.09.2026
16:14
Үндістанда қазақстандық бапкер іздестіріліп жат...