"Ұят емес пе": Гүлзира Айдарбекова күйеуі өзін қалай еркелететінін көрсетті
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ерекше видео жариялап, көпшілікке күйеуі өзін қалай еркелететінін көрсетті. Қайрат Нұртастың анасы аталмыш видеоға қатысты сыни пікір жазатындарға да жауап берді.
Гүлзира Айдарбекова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда продюсердің киініп, сыртқа шығып бара жатқанын көруге болады. Бұл сәтте Нұртас Айдарбеков келіншегінің сұлулығына тәнті болып, оған өлең жолдарын арнайды.
"Адам қанша қартайса да, жүрек 18-25 жастағыдай қартаймайды деген рас қой. Нүрекемнің шынайы өмірде қалай еркелететінін салып қояйыншы. Кейбіреулер "жас емессіңдер, ұят емес па?" деп жатады. Айтатындар айта берсін, сіздер де еркелеп жүре беріңіздерші. Аз ғана өмірде барымызды бағалайық", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
12:15
Валюта айырбастаушыларды өлтіріп, мәйіттерін ау...
26.10.2026
11:52
Мәслихат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша бөлі...
26.10.2026
11:46
Қазақстандықтардың тамаққа қанша жұмсайтыны жән...
26.10.2026
11:37
Астанада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ...
26.10.2026
10:56
«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді»: Төреғали Тө...
26.10.2026
10:32
Мың теңге үшін басталған жанжал: Қызылордада ор...