«Ұят қайда?»: Баян Мақсатқызы Дженнифер Лопестің концерті туралы

Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлемге әйгілі әнші, актриса Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне байланысты әлеуметтік желіде өз ойын ашық жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол осы оқиғаға байланысты қоғамдағы радикалды сыншылар мен дәстүрлі көзқарастағы азаматтардың үнсіздігіне назар аударды.
«Радикалды хейтерлер мен дәстүрлі ханжалардың реакциясын күтіп отырмын. Ұят қайда, бізге ондай болмайды ғой?» – деп жазды продюсер өз парақшасында.
Продюсер Дженнифер Лопестің өнерін жоғары бағалап, оның келуі еліміз үшін үлкен мәдени оқиға екенін атап өтті.
«Оқиғалы туризм. Жұлдыз! Уау! Біз тура жолдамыз! Жоғары профиссионализм. Харизма, талант және ашық сексуалдылық. Онсыз болмайды ғой. Ол Джей Ло емес пе?!» – деп пікір білдірді Баян Мақсатқызы.
Дженнифер Лопестің Қазақстанға келуі – елдің шоу-бизнес саласындағы маңызды оқиға ретінде қабылдануда. Бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Мақсатқызының пікірі де пікірталас тудырып, желіде түрлі көзқарастарды оятты.
Соңғы жаңалықтар





