Вайнер Төребаев: Түрмеде әйеліме сирек келші деп айтқым келді

12.08.2026 15:16 Томирис САҒЫНДЫҚ
Вайнер Төребаев: Түрмеде әйеліме сирек келші деп айтқым келді
94
Фото: instagram.com/dana_yesseyeva/

Қаржы пирамидасы ісі бойынша сотталған вайнер Мейіржан Төребаев жазасын өтеу орнында жұбайы Данамен болған кездесулері мен отбасылық қарым-қатынасы туралы айтып берді. Ол басына түскен қиын сәтте жұбайының қолдауы мен адалдығы ерекше мәнге ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол журналист Майя Бекбаеваға берген сұқбатында айтты. 

«Темір есік ашылып, «Төребаев, әйелің келді» деп айтатын. Тіпті олардың өзі мезі болып кеткен еді. Құдды бір жақын адамдары келген сияқты. Бара жатып іштей «Кеше ғана өзімді жинақтай бастадым, жүрегім қалай көтереді? Жүрегімді шынықтыру мүмкін емес» деп ойлайтынмын. Жүрегімді жапқым келетін. Мықты болуым керек еді. Дана екі кофе әкеліп, әңгімесін бастайтын. Қайда барғандарын, не істегендерін айтады. Ал мен қарап отырып: «Сирек келсін» деп айтайын ба?» деп ойлайтынмын. Осылай айтқым келеді, бірақ іштей. Расымен де, сирек келе ме деп қорқамын. Айтқаным үшін өкініп қалуым мүмкін, одан да келе берсінші деп ойладым», — деді Мейіржан Төребаев.

Сондай-ақ блогер жұбайлар арасындағы сенім мәселесі мен қызғаныш сезіміне қатысты ой бөлісті. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында негізсіз күмән болмаса, қызғанышқа да орын қалмайды.

«Данамен бірге болған кезде арада қызғаныш сезімі болмайды. Себебі, Дана өте ақылды, парасатты адам. Ол маған бірге өмір сүргенімізде көп нәрсені түсіндіретін. Қызғаныш сезімі қай кезде пайда болатынын түсінемін. Оның себебін білемін. Менде осы құрылымдар болды. Қызғаныш маған теріс әсер ететінін, іштей рухани жеп тастайтынын білдім. Басыңда бір ой пайда болса, ол сені жеп тастайды. Өйткені фантазияң мен образ бір фильм түсіріп тастайды», — деді вайнер.

Одан бөлек, вайнер қиын сәтте отбасының тұтастығын сақтай алмаған өзге де азаматтардың тағдырына тоқталып, өмірлік серік таңдаудағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын атап өтті.

«Мен көз алдына бірнәрселерді елестетіп, телефон арқылы сүйіктісімен ұрысып жатқан жігіттерді көрдім. «Жігіттер, сендерге ақыл айтатын адам мен емес шығармын, бірақ қызғанып жатқан кезде сендер әйелдің орнына өздеріңді қоясыңдар. Яғни сендер қыдыратын едіңдер, осыдан бастарыңда түрлі картина пайда болады» деп түсіндіретінмін», — деді Мейіржан Төребаев.

Войдите, чтобы оставить комментарий