Венесуэланы біз басқарамыз: Трамп мәлімдеме жасады
АҚШ басшысы Дональд Трамп Венесуэлаға жасалған соққы туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Венесуэла президенті Николас Мадуро елді үрейде ұстап, есірткі тасымалына себеп болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Дональд Трамп агрессивті түрде жасалған соққының мән-жайын түсінідіріп, тікелей эфирге шықты.
«Ешбір мемлекет дәл АҚШ сияқты аз уақытта жетістікке жете алмайды. Кеше Каракаста электр жарығы өшірілді. Мадуро өз әйелімен тұтқындалды. Олар Американың сотымен жазаланады», - дейді Трамп.
Оның айтуынша, АҚШ-тың бір де бір әскериі зардап шеккен жоқ.
«Бірінші соққы өте сәтті өтті. Егер керек болса соққының екінші толқынын жасауға дайынбыз. Әрине оның қажет болмауы да мүмкін. Бірақ біз екінші толқынды, яғни ең ірі соққыны жасауға дайынбыз. Венесуэланың халқы қауіпсіздікте өмір сүру үшін аянып қалмаймыз», - дейді АҚШ президенті.
Дональд Трамп АҚШ Каракаста жүргізілген әскери операциядан кейін Венесуэланы басқаруды өз қолына алатынын мәлімдеді. Айтуынша, Америка Құрама Штаттары Венесуэланы іс жүзінде өз басқаруына алады — кемінде елде «заңды билікке шынайы түрде өкілеттіктер берілгенге дейін».
«Біз елді белгілі бір топпен бірге басқарамыз және бұл басқарудың дұрыс жүргізілуін қадағалаймыз. Біз елді билікті қауіпсіз, тәртіпті және ақылға қонымды түрде тапсыру мүмкіндігіне қол жеткізгенге дейін басқара береміз», – деді Трамп.
Соңғы жаңалықтар