Вице-министр су тасқынына неге дайын болмағанын түсіндірді: Ал министр отставкаға кете ме
670
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов әдетте, су тасқыны өзен арнасынан асқаннан пайда болатынын, ал бес өңірдегі жағдай мүлдем басқа екенін айтты.
“Су тасқыны болып жатқан қалған бес аймаққа су өзендерден емес, даладан келіп, көтерілді. Шындығына келсек, ол жақтан су келеді деп ешкім күткен жоқ. Яғни, су даладан келді. Желтоқсан айында көптеген өңірлерде күн райы жылы және жауын-шашын көп болды. Осыған байланысты даладағы жер мұз болып қатып, әлі еріп біткен жоқ", – деді Сыздықов.
Сондай-ақ су ресурстары және ирригация министрі “отставкаға кетесіз бе” деген сұраққа жауап берді. Министр алдында қазір жағдайды ушықтырып алмау міндеті тұрғанын нақтылады.
“Шешім су тасқыны шараларын ескертуге байланысты жұмысымызға қарай қабылданады. Сізге жауап бердім, келесі сұраққа көшіңіз”, – деді министр.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...