Вице-министр қызметінен босатылды
585
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Арман Жүдебаев қызметіне 2023 жылдың шілдесінде кіріскен. Алты айдан кейін оның қызметінен босатылғаны белгілі болды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Арман Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.
2011-2013 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы.
2013-2018 ж.ж. — «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері.
2018 жылдан 2023 жылға дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
2023 жылғы мамырдан бастап мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымына тағайындалғанға дейін мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болды.
Соңғы жаңалықтар
17.06.2026
13:02
Павлодарда жанып жатқан үйдің терезесінен секір...
17.06.2026
13:00
«Мен тек шындықты айтқанымды мойындаймын»: Әділ...
17.06.2026
12:27
Қорғаныс вице-министрі әскердегі ұлының борышын...
17.06.2026
12:26
Алматылық қарияның өліміне себеп болған алаяқта...
17.06.2026
11:50
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық Әсет Құралба...
17.06.2026
11:45
Қазақстан бюджеттегі 4,6 трлн теңге тапшылықты ...