Вице-премьер мен министр егіс науқаны кезінде барлық өңірді аралап шығады
384
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы негізінде Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, сондай-ақ ауыл шаруашылығы вице-министрлері жаппай егіс науқаны кезінде өңірлерді аралауды бастады.
15 мамырда Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы жаппай егіс науқанының басталауына қатысып, көктемгі дала жұмыстарының барысын тексерді.
18 мамырда ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қарағанды облысына барып, шаруалармен кездесіп, егіс жұмыстарының қарқынын көрді.
Министр ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тікелей жеңілдетілген несие беру арқылы қолдауға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар министр егіс алқабына тыңайтқыштарды жеткізу шараларын бақылады.
19 мамырда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Түркістан облысына барды.
Ол жер-жердегі фитосанитариялық жағдаймен танысып, әсіресе шегірткенің таралу қаупі бар аудандардағы егістіктердің жай-күйін көрді.
Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров бүгінде Қазақстанның негізгі астық егетін облыстарының бірі Қостанай облысында саланың негізгі проблемалық мәселелері бойынша шаруалармен бірқатар кездесу өткізеді.
Министр облыстағы егіс науқаны барысымен және өңірдегі фитосанитариялық ахуалмен танысу үшін бірқатар аудандарды аралайды.
Аталған аудандарда шегірткенің таралу қаупі жоғары.
Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және жауапты ауыл шаруашылығы вице-министрлері жаппай егіс науқаны аяқталмай тұрып, қалған өңірлерді аралап шығады.
Күн тәртібінде астық себудің тиімді мерзімі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген несиемен қамту, шаруалардың несиелеріне 85%-ға кепілдік беру бойынша түсіндіру жұмыстары, тыңайтқыш жеткізу және басқа да мәселелер тұр. Соңғы жаңалықтар
16.03.2026
19:11
Шымкенттегі аудан әкімінің үстінен іс қозғалды
16.03.2026
18:09
Оралда жатақханадан бір адамның мәйіті табылды
16.03.2026
17:16
Үш бала мен әкенің өлімі: сот жүргізушіні ақтады
16.03.2026
16:31
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды
16.03.2026
16:28
Дана Нұржігіт тың жаңалығымен бөлісті
16.03.2026
15:51
Атырауда күйеуі әйелін пышақтап өлтірді