Яна Легкодимованы өлтіргендер «Қара бүркітке» жеткізілді

20.04.2026 11:37 Әсел Мұрат
Яна Легкодимованы өлтіргендер «Қара бүркітке» жеткізілді
256
Фото: ашық дереккөз

23 жастағы Яна Легкодимованы қинап өлтіргені үшін сотталған Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов ең қатал режимдегі «Қара бүркіт» түзеу колониясына жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Аталған сотталғандар заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жазасын өтеу орнына жіберілді», – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

«Ақ Жайық» басылымы 3 сәуірде сот үкімі заңды күшіне енгеніне және оларды «Қара бүркітке» этаппен жіберу міндетті болғанына қарамастан, сотталғандар әлі де Атыраудағы тергеу изоляторында ұсталып келгенін жазған еді.

«Себептері ресми түрде түсіндірілмеді. Дереккөздің мәліметінше, кідіріс мекемеде орын тапшылығына байланысты болуы мүмкін, соның салдарынан сотталғандар өз кезегін күтуге мәжбүр болған», – деп жазды басылым.

Еске салайық, 17 қарашада Атырауда 23 жастағы қала тұрғыны Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша үкім шығарылып, айыпталушылар Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.

24 қарашада Ішкі істер министрлігі Яна Легкодимованың өлтірілу ісінің қалай тергелгені туралы баяндады.

Айта кетейік, еліміздегі өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар отыратын жалғыз мекеме бар: ол – «Қара бүркіт» түрмесі. Мұнда аса ауыр қылмыс жасап, қатаң жазаға тартылған педофил, маньяк, каннибал және террористер отырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий