Қырғызстан Қазақстаннан 1,5 млн кВтсағ электр энергиясын импорттайды
Қырғызстан Қазақстаннан 1,5 млн кВтсағ электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Қырғызстанның су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының 2023 жылғы 25 тамыздағы су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтарына сәйкес, Қазақстаннан Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізу көлемі кестеге сай жүзеге асырылатын болады.
«ЖЭК бойынша РФО» ЖШС (электр энергиясын бірыңғай сатып алушы) мен «электр станциялары» ААҚ арасында Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының профициті (артық) сағаттарында ғана экспорттық электр энергиясының жоспарлы көлемін сатуға шарт жасалды" делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметіне сай, бұл электр энергиясын экспорттық жеткізу алдағы вегетациялық кезеңде елдің оңтүстік өңірлерін суармалы судың қажетті көлемімен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Тоқтоғұл ГЭС-на судың қажетті деңгейін жинақтау үшін ғана жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Қырғыз Республикасының энергия жүйесі ішінде электр энергиясын одан әрі бөлу Қырғызстан энергетиктерінің айрықша ішкі құзыреті болып табылатынын атап өткен жөн.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...