Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктесіне айналды
Компанияның баспасөз қызметі 2023 жылы Қазақстан тауарын ең көп сатып алған елдердің көшін Қытай, Ресей және Италия болғанын мәлімдеп отыр.
Көш басындағы Қытаймен арадағы сауда айналымының 56,3%-ы экспортқа тиесілі көрінеді. Жалпы бұл елмен арадағы сауда айналымының ақшаға шаққандағы көлемі – 31,5 млрд доллар.
Екінші орындағы Ресеймен сауда айналымы 26 млрд доллар болса, Италия - 16,1 млрд доллар болған. Одан кейінгі Оңтүстік Кореямен және Түркиядағы арадағы алыс-беріс көлемі 6 млрд долларға жеткен.
Қазақстан экспорттаған тауарлардың басында әдеттегідей шикі мұнай мен мұнай өнімдері тұр. Ал ең көп импортталған тауарлардың қатарын қондырғылар, көлік және оның бөлшектері, электрлі техника мен құнды емес металдар бастап тұр.
Компанияның мәліметінде Қазақстан сауда жасайтын елдердің қатары 131-ден 135 елге өскені айтылған.
Қазақстанның шикізат емес экспорты Қытайда, Казахстан (+10%), Гонконгта (+34%), Оңтүстік Кореяда (+30%), Вьетнамда (+64%) артқан. Ал ауыл шаруашылығы (-3,7%) мен өнеркәсіптегі (-9,8%) шикізат емес экспорт көлемі азайған.
Бір жыл бұрынғы деректерге қарасақ, 2022 жылы Қазақстанның басты сауда серіктестігі Италия (13,9 млрд доллар) мен Қытай (13,2 млрд доллар) болған. Одан кейінгі орындарға Ресей (8,8 млрд доллар), Нидерланд (5,48 млрд доллар) және Түркия жайғасқан еді (4,75 млрд доллар).
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...