Қызметкерлерін оқытатын компаниялар үшін салық жеңілдіктерін беруді қарастыру ұсынылды
Соңғы жылдары Қазақстан орнықты даму стратегиясының негізі ретінде ESG қағидаттарын белсенді енгізіп келеді.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Сенатта өткен Парламенттік комиссия отырысында айтты,
"Бәлкім, егер жұмыс беруші өзінің қызметкерлерін оқытып, сертификаттаудан өткізген жағдайда қандай да бір салық жеңілдіктерін қарастыру керек шығар. Сонымен қатар мұндай кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысқан кезде қосымша бонустар беруге болады. Десек те, адами капиталды дамытуға инвестиция құймайтын, өз қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттырмайтын кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізе алмайды. Осы арқылы мемлекеттік сатып алулар рәсімдеріне тың серпін бере аламыз", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
08:31
«Атыраулық хакер» Дубайға неге тайып тұрды: ол ...
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...