Зайсан көлінде қайық аударылды: суға кеткен балықшылар іздестіріліп жатыр
Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінде қайық аударылғаннан кейін суға батып кеткен екі балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Құтқарушылардың мәліметінше, қайықта үш адам болған және көлде балық аулаған.
Қатты желдің салдарынан жүзу құралы аударылған. 1968 жылы туған балықшылардың бірі өздігінен жүзіп үлгерген және оны жергілікті тұрғындар құтқарған. 1968 және 1995 жылы туылған екі адам суға батып кетті. Балықшыларда құтқару кеудешелері болмаған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, қайықтар, жүзу құралдары және суасты дрондары жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындар да суға кеткен балықшыларды қайықпен іздестіріп жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
20:58
Қазақстанда «Кек алушылар: Доктор Дум» фильміні...
02.11.2026
19:46
Алматыда «Dostyk Plaza» СӨО келушілері жарылыс ...
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...
02.11.2026
16:25
Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын кө...