Зейнетақы қорындағы 184 млрд теңге вагон алуға жұмсалады – Көлік министрі
252
Осы орайда министр вагондар ел игілігіне пайдаланылатынын айтты. Жолаушыларды тасымалдайтын вагондарды Петропавлдағы ЗИКСТО компаниясы жасайды. Сондай-ақ жүк вагондарын Екібастұздағы компаниядан алу жоспарланған.«Зейнетақы қорынан вагондарды сатып алуға қаржы бөлінеді деген мәселе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Шынында да зейнетақы қорынан «Бәйтерек» холдингі қаржы алды. Соның ішінде вагондарға 184 млрд теңге жұмсалып отыр. Оған жолаушыларды тасымалдайтын 100 вагон, сондай-ақ жүк тасымалдайтын үш мың вагон алынып жатыр. Зейнетақы қорында қаражаты жұмсалған азаматтарға бұл міндетті түрде пайда әкеледі. Бұл ретте, бірінші мәселе халықтың сол жақтағы ақшасы елге, жұртқа пайда әкеледі. Өйткені бұл нарықтық пайызбен алынған ақша, яғни «Бәйтерекке» жеңілдетілген ақша берілген емес. Екіншіден, басқарушы холдинг мемлекеттің меншігінде. Сондықтан ол ақшаны қайта қорға айналып келіп түсуіне мемлекет толық кепілдік береді. Үшіншіден, вагондар отандық зауыттардан сатып алынады», - деді М.Қарабаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
17:03
Кенесары хан туралы сөз айтқан қырғызстандық ст...
14.09.2026
17:01
"55 млн теңге": Мақпал Жүнісова алданып қалғаны...
14.09.2026
16:42
Астанада құрылыс қоршауының қаңылтыры баланың ү...
14.09.2026
16:33
Қызылорда облысында қаза тапқан полицейдің жары...
14.09.2026
16:01
Тоқаев Кореяның 5 азаматын «Достық» орденімен м...
14.09.2026
15:52
Ғалым: Өзін атеист деп жариялаған имамдар бар