Зеленский АҚШ-пен келіссөздердің Сауд Арабиясында басталатынын мәлімдеді
Зеленский Америкамен келіссөздерге дайындалып жатыр
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Украина делегацияларының келіссөздері келесі аптада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Зеленский бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, кездесу Сауд Арабиясында өтеді.
"Украина мен Америка командалары жұмысын қайта жандандырды, және біз келесі аптада мазмұнды кездесу өтеді деп үміттенеміз", – деп жазды Зеленский.

Украина президенті еуропалық серіктестеріне алғыс айтып, қазіргі халықаралық жағдайдағы эмоциялық шиеленістің артып келе жатқанын атап өтті.
"Украин халқы осындай күрделі саяси жағдайда көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалайды. Еуропалық бірлік сақталып тұр, және бұл өте маңызды", – деді ол.
Кездесу барысында АҚШ пен Украинаның әскери, экономикалық және саяси мәселелерді талқылайтыны күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...