Зеленский халықаралық қысымды күшейтуге шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапының атысты тоқтату келісіміне нақты жауап бермей отырғанын және соғысты әдейі созуға тырысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Украина басшысы Telegram арнасында америкалық делегациямен Сауд Арабиясында өткен келіссөздердің қорытындысын баяндады. Зеленский АҚШ ұсынған 30 күндік уақытша тыныштыққа Украина дайын екенін, бірақ Ресейдің бұл келісімге қосымша шарт қоюы жағдайды қиындататынын айтты.
«Путин бұл келіссөздерді әдейі қиындатып отыр. Ол соғысты жалғастырғысы келеді, бірақ мұны ашық айтуға батылы жетпейді. Сондықтан да келісімге әдейі мүмкін емес шарттар қойып отыр. Мұның мақсаты – уақытты созу және келіссөздерді тығырыққа тіреу», – деді Зеленский.
Украина президенті келіссөздерде АҚШ тарапы атысты тоқтатуға бақылау жүргізуге дайын екенін атап өтті.
«Америкалық тарап бақылау мен тексеруді ұйымдастыруға дайын екендігін мәлімдеді. Біз бұған толық сенеміз. Қазір Ресейге қысымды күшейту қажет, себебі Кремль тек күшті түсінеді», – деді ол.
Зеленский халықаралық серіктестерді Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.
Соңғы жаңалықтар





