Зеленский: Путиннің өмірі жақында аяқталады, бәрі де бітеді
Зеленский Путиннің жақында өлетінін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің өмірі ұзаққа созылмайтынын және оның өлімінен кейін бәрі аяқталатынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы Зеленский Eurovision News басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Украина басшысы Путиннің қазіргі басты қорқынышы – билігінен айырылу және Ресейдегі жағдайдың тұрақсыздануы екенін атап өтті.
«Оның билігін жоғалту қорқынышы бар. Біріншіден, Ресейдегі тұрақсыздыққа байланысты. Екіншіден, оның жасы келді. Ол көп ұзамай өмірден өтеді, бұл – факт. Оның өлімімен бәрі аяқталады. Ол өзінің тарихи өмірін сәтсіз аяқтамай тұрып та бәрін тоқтата алады, бірақ соны істеуден қорқады», – деді Зеленский.
Сондай-ақ Украина президенті Путиннің толықтай саяси оқшаулануға ұшырамағанын айтты.
«Өкінішке қарай, Путинді саяси тұрғыда толық оқшаулау мүмкін болмады. Ол жалғыз қалудан қорқады, билігінен айырылудан қорқады», – деді Владимир Зеленский.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...