Зеленский: Ресей соғысты тоқтатуға дайын екенін дәлелдеуі тиіс
Зеленский Ресейге сенбейтінін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram арнасында Ресейдің алдағы күндері қалай әрекет ететіні көп нәрсені, мүмкін бәрін айқындайтынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол егер қайта әуе дабылы жарияланса, Қара теңіздегі әскери белсенділік артса немесе ресейлік манипуляциялар мен қауіп‑қатерлер жалғасса, Мәскеуге қарсы жаңа шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
«Дипломатия жұмыс істеуі тиіс. Біз Украина жағынан мұның бәрін жүзеге асыру үшін барлық күшімізді салудамыз. Бізге көмек көрсеткен барлық серіктестерге алғыс айтамын. Америкаға ерекше алғыс — біздің командаларымыз конструктивті әрі нәтижелі жұмыс істеп жатыр», — деді Зеленский.
Президент сонымен бірге Ресейден нақты нәтиже күтетінін, оған өзі де, әлем де сенбейтінін атап көрсетті.
«Олар соғысты тоқтатуға дайын екенін дәлелдеуі керек — әлемге, Трампқа, Америкаға өтірік айтпай», — деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...